56 келіге дейін салмақ дәрежесінде үшінші орын және Риодағы Олимпиадаға жолдама алу үшін қазақстандық Қайрат Ералиев пен филиппиндық спортшы Марио Фернандес таласты. Ералиев өз қарсыласынан басым болып, жекпе-жекті 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен аяқтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін лицензияларды Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко ( 91 келі) және Дариға Шәкімова (75 келі) жеңіп алған.