«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түскен жағдайда қай командамен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды.
Онда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» қарсыласына жол берген жағдайда Еуропа лигасының плей-офф сатысында бақ сынауға мүмкіндік алады. Аталған кезеңде Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда швейцариялық «Янг Бойз» клубымен шеберлік байқасуы мүмкін.
Жарыстың бұл сатысындағы ойындар 21 және 28 тамыз күндеріне белгіленген.
Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болғанын жазған едік. Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 19-20 және 26-27 тамыз күндері өтеді.
Оған дейін қазақстандық клуб 6 және 13 тамызда үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Слован» (Братислава) клубымен кездеседі.
Айта кетсек, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырды.