Бірінші матч 29 маусымда Алматыда өтетін болса, қарымта ойын Клайпедада 6 шілдеде өтеді.
«Гранитас» литвалық клуб 1962 жылы құрылған. 1963 жылдан бері КСРО чемпионаттарында ойнап келеді. Ел біріншілігінде аталған клуб командасы 4-орынға табан тіреген. УЕФА-дағы клубтың рейтингісі 1.825.
Айта кету керек, қазақстандық клубтың рейтингісі 5.550.
Өзге қазақстандық клубтар да қарсыластарын анықтады.
«Ертіс» болгариялық «Дунав Русе» командасымен күш сынасады. Бірінші матч Павлодарда 29 маусымда өтсе, қарымта кездесу 6 шілдеде Болгария да өтеді.
«Ордабасы» босниялық «Широки бриег» командасымен 29 маусымда Шымкентте ойнайды. Ал 6 шілдеде «Ордабасы» Босния Герцеговинаға сапар шегеді.