«Қайрат» - финалда

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Футзалдан Алматыда УЕФА кубогының элиталы кезеңі аяқталып, «Қайрат» командасы «төрттік финалға» шықты.

Шешуші кездесуде «Қайрат» «Тұлпарды» 7:1 есебімен ұтты.

Жарыстың алғашқы күні «Тұлпар» командасы босниялық «Танго» клубымен кездесіп, 8:3 есебімен басым түскен. Ал «Қайрат» командасы белоруссиялық «Витэн» клубының қақпасына да жауапсыз тоғыз гол салған еді.

Кейін "Қайрат» босниялық «Танго» қақпасына тоғыз гол тоғытса, «Тұлпар» «Витэнді» 4:2 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы УЕФА кубогын «Қайрат» ұтып алған еді, деп хабарлады alaman.kz.