Алдағы маусымға «Қайраттың» негізгі командасын испаниялық маман Карлос Алос жетекшілік еткен жаңаланған бапкерлік штаб дайындайтын болады. Негізгі құрам оңтүстік астанада алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп үлгерді. Алда - Түркияда өтетін маусым алдындағы оқулар.
Бапкерлердің жаңарған құрамы:
Карлос Алос - бас бапкер
Николас Читино, Андрей Карпович - бас бапкердің ассистенттері
Олег Воскобойников - қақпашылар бойынша бапкер
Джил Орриолс - дене даярлығы бойынша бапкер
Алекс Аксенси - дене даярлығы және жас ойыншылармен жұмыс бойынша бапкер
Роберт Бауселльс - диетолог
Дмитрий Гусев - аналитика бойынша маман
Денис Змейков - видеооператор
Виктор Павленок - аудармашы