«Еңбегі үшін Әлішерге алғыс білдіреміз, соңғы екі маусымда ол осы лауазымда табысты қызмет етті. Оның жетекшілігімен көптеген жұмыстар атқарылды. Әлішер өз ісінің кәсіби маманы, футболдың қыр-сырын білетін, оны сүйетін жауапты әрі іскер басшы», - делінген хабарламада.
Клубтың мәлімдемесінде оның өз еркімен лауазымынан кететіндігі айтылды.
«Әлішерге еткен еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыстар тілеймін», - дейді «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.