Шара барысында «Қайрат» U-14 командасының жартылай қорғаушысы Айдын Эфенди дәстүр бойынша «Қайрат» ФК белді ойыншысы Анатолий Тимощуктің қолына «Достыққа арналған футбол» жобасының достық білезігін тақты.
«Мен бұған дейін де екі рет осы жобаға қатысқан едім. Сонда балалармен тілдесуге және олармен аздап ойнауға мүмкіндік туды. Бұл шынында да балалар футболын және балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға арналған өте керекті жоба. Онда балалар атақты футболшылармен кездесіп, тілдесуге мүмкіндік алады. Тәжірибе жинақтайды және Чемпиондар Лигасының финалын тамашалайды. Мен бұл жолы да жас таланттарға қолдау көрсетуге дайынмын», - деді өз сөзінде А. Тимощук.