АСТАНА. KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубы құрамына португалиялық шабуылшы Жорже Габриэль Кошта Монтейру қосылды.
Ол үлкен футболда жанкүйерлерге Жоржиньо деген лақап атпен танымал. Келісімшарт 2026 жылғы маусымының соңына дейін жасалды.
Биыл 27 жасқа толған оның бойы 169 сантиметр болса, салмағы 65 келіні құрайды.
Португалиялық «Брага» клубы академиясының түлегі өз елінде «Селейруш», «Мерелиненсе», «Фафе», «Санжуаненсе», «Певидем» командаларында ойнаған.
Былтыр форвард люксембургтік «Дифферданж 03» клубына ауысып, екі маусымда тамаша ойын көрсетті. 2023/24 жылғы маусымда 32 матчта 28 гол гол соқса, 5 нәтижелі пас берді. Ал 2024/25 жылғы маусымда 19 матчта 17 голдың авторы атанып, 10 мәрте әріптестерінің гол соғуына көмегін тигізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.