«Қайрат» аталмыш кездесуде Караваев, Сүйінбаев, Гогуа, Бато, Ахметов, Элек, Қуат, Исламхан, Аршавин, Жуков, Анене сияқты ойыншыларды шығарды. Кездесудің соңына дейін қазақстандық команда басымдық танытты. Алайда олар өздеріне берілген мүмкіндікті нәтижелі аяқтай алмады.
Осыған қарап олардың бабы әлі де жетіспей тұрғандығын байқауға болатын еді. Есесіне қарсылас команда сенімді әрі ұйымшыл қимылдай білді. Олар ойынның бірінші жартысында гол соқты. «Вождовац бұл жетістікті ойын соңына дейін сақтай білді. Нәтижесінде есеп: 1:0. Сербтер жеңіске жетті.
Бұл кездесу алматылықтар үшін оқу-жаттығу жиынындағы үшінші ойын болды. Осыған дейін қазақстандықтар болгариялық «Лудгорецті» (3:2) жеңген болатын. Соңынан ресейлік «Динамо» клубымен ойнап, тең түсті (3:3).