«Қайрат» футбол клубы жасөсіпірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері атанды
Жарыс қорытындысында жартылай финалда ғана біріншілік жеңімпаз атанған Ақтөбе облысының командасына есе жіберген Алматының «Қайраты» 3-орын үшін өткен финалда Павлодар облысысың командасымен ойынның негізгі уақытында 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ал ақтық сында Қарағанды облысының командасымен 0:0 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:2 есебімен басым түскен ақтөбеліктер ел чемпионы атанды. Өзге облыстың командаларынан қостанайлықтар - бесінші, оңтүстікқазақстандықтар - алтыншы, атыраулықтар - жетінші, жамбылдықтар - тоғызыншы, алматылықтар - оныншы, маңғыстаулықтар - он бірінші, ақмолалықтар - он екінші орынды қанағағат тұтты. Сондай-ақ Алматы қаласынан Никита Савенков - үздік қақпашы, Ақтөбе облысынан Батырбек Каримов - үздік қорғаушы, Рүстем Нұрманов турнирдің үздік ойыншысы, Қарағанды облысынан Роман Блошицин - үздік жартылай қорғаушы, Пауруз Жан-Али - үздік шабуылшы, Павлодар облысынан Евгений Массим - үздік бомбардир деп танылды.