30 жастағы белорус Алматыға бір апта бұрын келген. Ол «Қайраттың» басшылығымен соңғы келіссөздерді жүргізді. Шпилевский Қазақстан Кубогы кезінде «Астана Аренада» көзге түскен болатын. Ол өзінің болашақ командасының ойынын мұқият бақылап отырды. 25 қараша күні оны ойыншыларға ресми түрде таныстырады.
Алексей Шпилевскийдің ересек командалармен жұмыс тәжірибесі онша көп емес. Оның қызмет жолы бресттік «Динамодағы» жеңілісімен және «Лейпциг» жасөспірімдер командасындағы жұмысымен шектеледі.
Еске сала кетейік, «Қайрат» командасы финалда «Атыраудан» басым түсіп, биыл тоғызыншы рет Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.