Клубтың баспасөз қызметі жариялаған кадрларға қарағанда, Копенгагенде ауа температурасы нөлден төмен және дымқыл қар жауып тұр. Соған қарамастан, бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері көтеріңкі көңіл-күйде — фотосуреттерден команданың дерлік барлық негізгі ойыншыларын көруге болады.
Кездесу 26 қараша күні «Паркен» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.
Төрт турдан кейін «Копенгаген» мен «Қайраттың» әрқайсысында бір-бір ұпайдан бар және олар жалпы кезең кестесінде тиісінше 33-ші және 34-орындарды иеленіп отыр. Дат клубы тек соғылған және жіберілген голдар айырмасы бойынша ғана жоғары тұр.
Бұған дейін «Қайрат» сырт алаңда «Интерге» 2:1 есебімен жол берсе, «Копенгаген» қонақта «Тоттенхэмнен» 0:4 есебімен жеңілді.
Сондай-ақ командамен бірге Данияға Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері де ірі спорттық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мақсатында барғаны хабарланды.