АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзал командасына бас бапкер қызметіне испаниялық маман Марлон Веласко тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Марлон Веласко 1986 жылы 28 желтоқсанда Барселона қаласында дүниеге келген. Ол 2012 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарып келеді.
2018-2023 жылдар аралығында Испания жоғары дивизионында ойнайтын «Ноя Портус Апостоли» клубына жетекшілік етті. Сондай-ақ, ол биыл Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған «Пальма Футзал» клубында жемісті еңбек етті.
Жаңа бапкермен «2 1» жүйесі бойынша келісім-шартқа қол қойылды.
Еске салсақ, бұдан бұрын бразилиялық маман Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.