«Қайрат»- «Хапоэль-Шева» матчы тікелей эфирден көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жанкүйерлер Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы - «Қайрат» пен израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» арасындағы ойынды тікелей эфирде тамашалай алады. Бұл туралы Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.

1 тамызда Алматыда өтетін ойынды «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасытікелей эфирде көрсетеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да басталады.

Алғашқы ойында қазақстандық клуб «Хапоэль Беэр-Шеваға» 2:0есебімен ұтылған болатын.

«Қайрат» Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шыққанжағдайда «Норрчепинг» (Швеция)-«Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазыменкездеседі.