Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сенат төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келген Мұхамбет Көпеевтің өкілеттілік мерзімі аяқталған болатын. Сондықтан Конституцияның 58 бабына сәйкес, төраға өз орынбасарының кандидатурасын Сенаттың талқысына ұсынатындығы көрсетілген. Осыған орай, Сенат депутаттары Палата спикері ұсынған Қ. Ищановтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.
17:04, 24 Қараша 2011
Қайрат Ищанов Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Қайрат Ищанов Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.