Испаниялық маман клуб тізгінін ағымдағы жылдың шілде айында ұстады. Осы уақыт аралығында ол Алматының «Қайратымен» 14 ойын өткізіп (13 жеңіс, және 1 тең ойын), Қазақстан кубогі мен ішкі біріншіліктің күміс медалін жеңіп алды. Керемет жетістіктері үшін клуб басшылығы Карлосты 2 жылдық келісімшартпен қуантты.
- Алдағы маусымды «Қайратпен» бірге өткізетініме қуаныштымын. Барлық әріптестеріме, клуб басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Артқан үмітті ақтап, клубтың алға қойған мақсатына жетуге бар күш-жігерімді жұмсаймын деп сөз беремін. Себебі, бұл клуб биік тұғырдан көрінуге әбден лайық», - деп өз сөзін қорытындылады Карлос Алос.