АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңге девальвациясы болмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында валютаның девальвациясының мүмкіндігі тұрғысында түрлі бағалауларды байқаудамыз. Атап айтқанда, ақпанда қабылданған бағамның дәлізі айтарлықтай тұрақтылық артықшылығын беріп отыр», - деді Қ.Келімбетов.
Айта кетейік, биылғы ақпанда валюта бағамына түзетулер жүргізілген еді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.