Қайрат Келімбетов пен Болат Жәмішев «Бәйтерек» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Дәулет Еділұлы Ерғожин тағайындалды. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның директорлар кеңесінен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов пен ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев шығарылды», - делінеді хабарламада.

Холдингтің директорлар кеңесіне барлығы 10 адам мүшелік етеді. Кеңес төрағасы ҚР Премьер-Министрі болып табылады.