Қайрат Келімбетов Freedom Holding Corp. директорлар кеңесі құрамына кірді

АСТАНА. KAZINFORM – Freedom Holding Corp. Директорлар кеңесі құрамының 7 мүшеге дейін кеңейтілгенін хабарлады. Кеңес құрамына тәуелсіз директорлар Эндрю Гэмбл мен Филипп Вогелер және Қайрат Келімбетов кіріп отыр.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Біз әлемдік ауқымды кеңейтуді жалғастырып отырмыз. Әрбір юрисдикцияның өзіндік нормативтік талаптары мен заңнамасындағы айырмашылықтар бар. Сондықтан біз қолданыстағы директорлар кеңесінің сарапшылық құрамын толықтыруға шешім қабылдадық және халықаралық компанияларға басшылық жасауда алуан түрлі тәжірибеге, жаһандық операциялық қызмет пен басқару саласында жан-жақты білімге, сонымен қатар жалпыәлемдік стратегиялық тұрғыландыруда хоу-хауға ие кәсіби мамандарды шақырдық», - деді Freedom Holding Corp. Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Мұнан бөлек, заң мәселелері жөніндегі атқарушы директор жаңа лаузаымы 2024 жылдың 28 наурызынан қолданысқа енгізілді. Бұл лауазымды қызметке бұған дейін Директорлар кеңесінің мүшесі болған Джейсон Керр тағайындалды.

Заңгерлік және консультациялық тәжірибесі 50 жылға жуықтаған Эндрб Гэмбл Азияда, Африкада, Оңтүстік Америка мен Еуропада еңбек еткен. Hogan Lovells компаниясының серіктесі ретінде Таяу Шығыс пен ТМД-да, оның ішінде Қазақстанда да көптеген халықаралық ұйым үшін банктік кеңес беру және қаржылық мәмілелерді құрылымдау бойынша қызмет көрсеткен.

Филипп Вогелер корпорациялар, мемлекеттік билік органдары және халықаралық ұйымдар арасындағы серіктестік қарым-қатынасты қалыптастыруға маманданған. Telenor, Bertelsmann және Orange for Deloitte сынды компанияларға кеңес берген.

Қайрат Келімбетов Кембридж университетінің магистрі, экономика ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавры дәрежелерін алған. Алматыдағы Мемлекеттік ұлттық басқару жоғары мектебінде, Кеннеди Гарвард мектебінде, Джорджтаун университетінің Дипломатиялық мектебінде оқыған. Мемлекеттік органдар мен компанияларда басшылық лауазымда, сонымен қатар түрлі ұйымдардың Тәуелсіз директорлар кеңесі құрамында 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығына жетекшілік еткен. Түрлі жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін, Ұлттық банкті, Экономикалық даму және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерін, Президент Әкімшілігін басқарған. Басқарма төрағасы ретінде «Қазына» тұрақты даму қорына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына басшылық жасаған.

Freedom Holding Corp. – әртараптандырылған компания. Қаржылық қызметтер көрсетіп, брокерлік қызметпен, құнды қағаздарлы сатумен, инвестициялық зерттеумен және кеңес берумен, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен айналысады. Компанияның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан.