Александр Убыкин 1976–1987 жылдары «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, КСРО чемпионаттарында 257 матч өткізген. Ойыншы ретінде мансабын аяқтағаннан кейін ұзақ жылдар бойы жаттықтырушылық қызметпен айналысып, соның ішінде Алматы клубының құрылымында жұмыс істеген.
«Қайрат» футбол клубы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және достарына қайғырып көңіл айтты.
— Александр Сергеевич туралы жарқын естелік клубымыздың тарихында және жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталады, — делінген клуб хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Халық әртісі, профессор Бақир Баяхунов өмірден өткенін хабарлағанбыз.