«2 манат (1,85 еуро шамасында) тұратын билеттерді «Серхедчи» спорт кешенінен және «28 Mall» сауда орталығынан сатып алуға болады» делінген хабарламада.
Алғашқы матч 24 сәуірде мәскеулік «Динамо» мен УЕФА Кубогының қазіргі иегері, қазақстандық «Қайрат» клубтары арасында өтеді. Екінші ойында бакулік «Араз» испаниялық «Барселонамен» бақ сынасады.
Үшінші орын үшін болатын матч 26 сәуірде 16:00-де, бірінші орын үшін матч сол күні 18:30-да өтеді.