Бұл ежелгі мейрам исламның рухани негіздеріне зер салдырып, мұсылмандарды өнегелі құндылықтар мен игі істер жолында біріктіреді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деп ерекше атап өткен болатын.
«Алла тағала қазақстандық мұсылмандардың біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі мен еліміздегі татулықтың, ынтымақтың, келісімнің сақталуына дұға еткен ғибадаттары мен игі істерін қабыл етсін»,-делінген құттықтауда.