Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Халық банкінің зейнетақы жинақтаушы қорындағы жалпы зейнетақылық жинағының сомасы 5 млн. теңгені құрап отыр.
«20 жылдық мемлекеттік қызметімдегі жұмыс өтіліне орай менің агенттік төрағасы ретіндегі мансаптық айлық жалақым 607 319 теңгені құрайды. Бұл соманың 10 пайызы немесе 60 732 теңгесі міндетті зейнетақылық жарна есебінде, сондай-ақ 52 793 теңге дербес табыс салығы ретінде ұсталып қалады. Осылайша, қолыма тиетін таза айлық жалақым 493 794 теңгені құрайды»,-деді агенттік басшысы.
Белгілі болғандай, оның жекеменшігінде екі үш бөлмелі үйі бар екен. Біреуі - Астанада, ал екіншісі Алматы қаласында (оны 1989 жылы тұрғын үй кооперативінің қатысушысы ретінде иеленген). Сонымен қатар 2010 жылы шығарылған «Тойота Прадо» жеңіл автокөлігі бар.
«Өзім және отбасымның мүшелері, туған төрт ағам мен олардың балалары жеке кәсіпкерлікпен айналыспайды. Менің жақын туыстарым Павлодар облысының ауылдық жерлерінде тұрады»,-деп нақтылап өтті ол.