НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұрынғы ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі қызметіне тағайындалдым», - деп жазады Қайрат Лама Шариф Instagram парақшасында.
Еске сала кетсек, 26 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылған болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.