Қайрат Мәми Бүкіләлемдік Банк өкілдерімен кездесу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Бүкіләлемдік Банктің мемлекеттік секторының бас сарапшысы Амит Мукерджимен кездесті.

Кездесу барысында Бүкіләлемдік Банктен қарызы шеңберінде қаржыландырылатын сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының іске асырылуы бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, әңгіме жаңа ақпараттық технологиялар, Сот төрелігі академиясы мен сотты әкімшілендіру саласын дамыту жобалары туралы өрбіді.

Тараптар жоба шеңберінде көзделген іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, сондай-ақ нақты ұйымдастырушылық мәселелер мен олардың іске асыру мерзімін талқылады.