«Орындаушылық тәртіптің деңгейі де төмен қалып отыр. Жоғары соттың хаттамалық және жоспарлы тапсырмалары да сапасыз орындалады. Төрағалардан келіп түсетін ақпараттардың басым бөлігі нақты емес. Ұсыныстар ешқандай негізсіз және логикалық тұжырымсыз енгізіледі. Бүгінде Жақсылық Рзабекұлының (Маңғыстау облыстық сотының төрағасы) бізге жеткізуге тырысқан ойларының жартысын осында отырғандар түсінген де жоқ. Мұндай хаттар бізге жазбаша да келіп жатады», - деді Жоғарғы сот төрағасы.
Сонымен қатар ол облыстық соттардан төрағаның қолы қойылған бір ақпараттың сан қайталанып келіп жататындығын да сынға алды.
«Сіздер қол қоюға әкелген қағазды мүлдем оқимайтындай сезім қалады немесе мұны қасақана жасайсыздар. Бұл жұмыстың мазмұнына жеке жауапкершілікті күшейту қажет. Өзгелерге қарағанда мұндай ескертулер Алматы қаласының, Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарының соттарына өте көп», - деді Қайрат Мәми.