Қайрат Мәми жоғары сот органдарының биылғы жылғы алғашқы жалпы отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми жоғары сот органдарының биылғы алғашқы жалпы отырысын өткізді.

«Бүгін біз 2016 жылы бірінші рет Жоғарғы Соттың кеңейтілген жаңа құрамында жалпы отырысты өткізудеміз. Жаңадан қосылған әріптестерімізді Елбасының және Сенаттың сенімімен құттықтаймын. Жауапты қызметтеріңізде табыс тілеймін»,-деді Қ. Мәми.

Жиын барысында Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы реформаларды іске асыру аясындағы отандық сот жүйесін үшін маңызды мәселелер талқылауға шығарылды. Отырысқа қатысушылар Жоғарғы соттың жалпы отырысы мен оның Төралқасының регламенттеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды, «Сот төрелігіне қол жеткізу құқығы және ҚР Жоғарғы Сотының төмен тұрған соттардың сот актілерін қайта қарау бойынша өкілеттіліктері туралы» нормативтік қаулының жобасын қарады. Мұнымен қоса, Сот жюриінің құрамы сайланып, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес туралы ереженің жобасы, Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына судьяларды жіберу жөніндегі мәселелер талқыға салынды.

Жалпы отырысқа сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері қатысты.