«Қайрат» мен «Мақтарал» тең нәтижені қанағат тұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында алматылық «Қайрат» Түркістан облысының «Мақтаралымен» ұпай бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық клуб турнир кестесінде төртінші орында келеді. Ал Түркістандық команда соңғы орындардың бірінде тұр.

Осыған байланысты қарсыластар үш ұпай олжалауға барын салатыны белгілі еді.

Ойын барысында «Қайрат» сапынан Еркебұлан Сейдахмет 136 Жоао Паоло 41-минутта гол соқса, оған «Мақтарал» қатарынан Тоқтар Жаңғылышбай 37, Рамазан Кәрімов 45-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 2:2 есебімен тең түсті.

Тағы бір кездесуде қарағандылық «Шахтер» Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Дәл қазір «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесуі өтіп жатыр. Бірінші кезеңнен кейін қостанайлық клуб 1:0 есебімен алда тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» мен «Ақсу» 1:1 «Жетісу» мен «Ақсу» 0:0 есебімен тең түссе, «Ақтөбе» «Қайсарды» 1:0, «Ордабасы» «Қызылжарды» 2:1 есебімен сүріндірді.