АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық бапкер Қайрат Нұрдәулетов биыл Бірінші лигада ойнайтын павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас бапкері атанды.
1982 жылы дүниеге келген ол кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.
2002-2004 жылдары «Ертіс» сапында ол клубтың чемпион болуына үлкен үлесін қосты.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.
2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер болды. Былтыр Талдықорғанның «Жетісу» тізгінін ұстап, команда 11-орынға тұрақтады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ертіс» футбол клубына жаңа автобус тарту етілді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.