Қайрат Нұрдәулетов «Мақтаарал» футбол клубына бас бапкер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Қайрат Нұрдәулетов «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: kff.kz

Қайрат Нұрдәулетов кәсіпқой футболда ЦСКА-«Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана», «Қайсар» командаларының намысын қорғады.

Ұлттық құрама сапында 35 ойында 5 гол салды. Ұлттық құрамада капитаны міндетін атқарды. Еурододаларда әріптестерін жасыл алаңға бастап шықты.

Футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың бапкерлік штабына жұмысқа келді.

Кейіннен Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

Сондай-ақ, команданың бапкерлік құрамда біршама өзгеріс жасалды.

Бас бапкердің көмекшісі қызметіне Руслан Эсатов тағайындалса, фитнес жаттықтырушы міндетін Асқар Мұратұлы атқарады.

Қақпашылар бойынша жаттықтырушы - Юрий Новиков.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен кетті.