Қайрат Нұрпейісов қызметінен босатылды
08:13, 19 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.