Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов Facebook - тегі парақшасында түнгі уақытта жасырын түрде той өткізіп жатқан мейрамхананың видеосын жариялады.
«Біз екі сағаттан астам уақыт бойы «Laureate» мейрамханасында қонақтардың бар-жоғын білуге тырыстық, бекер күтпеген екенбіз. Мейрамханада жүзден астам адам бар екені анықталды. Әрине, төбелес те болды. Жалпы, барлығы видеоға түсірілді», - деп жазды Рафаэль Гасанов.
Оқиға Медеу ауданында болған. Мониторинг топ мүшелірімен БАҚ өкілдері ғимарат ішіне кірген кезде, қонақтар бұрыш-бұрышқа тығылып, беттерін көрсетпеуге тырысты. Олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар.