Әлеуметітк желі парақшасында жарияланған бейнежазбадан әншінің автобустың жас жолаушыларының ортасында Қазақстан әнұранын шырқап тұрғанын көруге болады, ал балалар оған қошемет көрсетіп, бірге шырқауда. Бейнежазба Ақтаудан түсірілген тәрізді, Қайрат Нұртас жолаушыларды ұшақтан әуежайға әкеле жатқан автобустың ішінде отырған болуы керек. Бірнеше сағаттың ішінде жарияланған бейнежазба 100 мың қошеметке ие болды, Instagram-да әншінің 1,2 млн. жазылушысы бар.