Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында: «Ассалаумағалейкум, құрметті жамағат! Ең алдымен баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын! Осындай марапатты алу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Елбасымызға және мені Қайрат еткен тыңдармандарыма шын жүректен алғыс айтқым келеді.Біз қандай жетістікке жетсек де ол еліміздегі бейбіт заманның, Елбасымыздың xалқы үшін төккен терінің себебінен деп білемін. Міне өнерімізді xалыққа ұсыну үшін де барлық жағдай,үлкен мүмкіндіктер жасалған. Сондай нысандардың бірі Алматы аренада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған ән кешімді бермекпін. Бізге осындай бақытты өмір мен толағай табыстар сыйлаған тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!», - деп жазды.
19:18, 14 Желтоқсан 2016
Қайрат Нұртас «Құрмет» орденінің иегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен белгілі әнші Қайрат Нұртас «Құрмет» орденімен марапатталды.