Қайрат Нұртас Мәскеуге барған сапарында ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын Астана сахнасында бірге өнер көрсетуге шақырған болатын. Қайраттың мұндағы ойы жұртшылыққа тосын сый жасап, ерекше шоу-бағдарлама қойып, тыңдармандарын таңғалдыру болса керек. Видеода ерекше концерттің 12 желтоқсан күні «Астана-аренада» өтетіні айтылады.