«Қайрат Алматыдағы концерттен кейін әлі демалған жоқ. Семейге барып, ол жақтан Атырауға ұшты, үш күн сонда болып еді, Шымкентке шақыртты. 31 желтоқсан Астанада болады - жабық жаңа жыл кешінде. Отбасымен бола алмайды. Бірақ, бұл әлі де нақты емес», - деді Қайраттың анасы.
Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова әншінің бұған дейін жаңа жыл кештерінде отбасымен қалай қарсы алғанын да айтты.
«Бұған дейін де, былтыр да тура 12.00-де үйге үлгеріп келіп, қарсы алып, сосын кетіп қалатын. Тура 12-де Қайрат бізбен бірге болатын. Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін қайтадан шарасына кетіп қалатын», -деген әншінің анасы ҚазАқпарат оқырмандарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Жаңа жыл әр отбасына береке, ырыс алып келсін. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін», - деді ол.