Жұлдыз Әбдукәрімова көбінде бала бағумен және қайырымдылықпен айналысқанын айтты.
«Некеден кейінгі жеке өмірдің ұтымды тұсы - ережелерді ұстануға көмектеседі. Зерігетін, қолы бос әйелдер көп жағдайда күйеуі жұмыста болғанда хабарласып, мазасын алып, өміріне шағымданып, күйеуінің бойынан кемшіліктер іздей бастайды немесе оны өзгертуге тырысады. Себебі олардың бос уақыты көп және үнемі өзіне көңілі толмайды. Егер сіз үнемі жұмысбасты болсаңыз - достарыңызбен әңгімелесіп, балалар бағып, киноға барып, қызықты кешкілік курстарға қатысып немесе қайырымдылықпен айналыссаңыз, күйеуіңіздің мазасын көп ала бермейсіз. P.S. "Осы жылдар бойы қалай шыдап келдіңіз" деген сұраққа жауабым», - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың жұбайы биыл күзде көрерменге жол тартқан «Арман/Когда ангелы спят» фильмінде басты рөлде ойнап, жұрт алдына тұңғыш рет шыққан болатын.