Қайрат Омаров БҰҰ басшылығымен кездеседі
«ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров (5-7 наурызда) Доха қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының нашар дамыған елдер бойынша бесінші конференциясына қатысып жатыр. Қазақстан делегациясы басшысының жалпы пікірталас кезінде сөз сөйлеуі, сондай-ақ БҰҰ басшылығымен және шетелдік делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесуі жоспарланып отыр», - деді А. Смадияров ведомствода өткен апталық брифингіде.
Бұдан бөлек, 2023 жылғы 10 наурызда елордадағы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығына орай брифингі және 2021-2025 жылдарға арналған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсатындағы ынтымақтастық бойынша негізгі бағдарламасының атқарушы комитетінің отырысы өтеді.
«Іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ агенттіктерінің басшылары мен дипломатиялық корпус қатысады», - деді ресми өкіл.