Футзалдан Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Игита әлемнің үздік қақпашысы атағына ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform.
Игита 1986 жылы 6 маусымда Бразилияда дүниеге келген.
Бразилия, Португалия клубтарында ойнады. 2009-2010 жылдары қаарғандылық «Тұлпардың» намысын қорғаса, 2011 жылдан бастап алматылық «Қайратта» ойнап келеді.
Ұлттық құрама сапында 2013 жылдан бері қақпаны күзетеді.
Игита мұндай атаққа бес мәрте қол жеткізген. Бұған дейін 2015, 2016, 2018, 2019, 2020 жылдарда ие болған еді.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында оның қатысуымен 2016, 2021 жылдарда сынға түсті.
Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Ал Еуропа чемпионатында 2016 жылы 3-орын алды.
Еске салсақ, қазақстандық футзалшылар 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.