«Қайрат» — «Пафос»: Орталық стадион маңында көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының аясында «Қайрат» және «Пафос» арасында ойын өтеді.

Матч 21 қазан сағат 21:45–те басталады. Алматы қаласы спорт басқармасының мәліметінше, ойын күні стадион маңындағы көлік қозғалысы айтарлықтай шектеледі.

Ал матч уақытында Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Одан бөлек жанкүйерлер үшін ойын аяқталғаннан кейін 6 бағыт бойынша 60 қосымша автобус қатынайды:

— Орталық стадион — «Алматы Арена» (тақтайша A1, жөнелту — Абай даңғылы, батыс бағыт);

— Орталық стадион — Райымбек / Алатау (тақтайша A2, жөнелту — Абай даңғылы, батыс бағыт);

— Орталық стадион — Алматы-1 теміржол вокзалы (тақтайша A3, жөнелту — Байтұрсынов көшесі, солтүстік бағыт);

— Орталық стадион — «Орбита» шағын ауданы (тақтайша A4, жөнелту — Байтұрсынов көшесі, оңтүстік бағыт);

— Орталық стадион — «Жұлдыз» шағын ауданы (тақтайша A5, жөнелту — Абай даңғылы, шығыс бағыт);

— Орталық стадион — әуежай (тақтайша A6, жөнелту — Абай даңғылы, шығыс бағыт).

— Жанкүйерлерге матч басталмас бұрын стадионға ертерек келіп, билетте көрсетілген кіреберістер арқылы кіру және қоғамдық тәртіпті сақтау ұсынылады. Бұл шаралар кезектердің алдын алып, барша көрермен үшін жайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді, — деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» пен «Пафос» матчына 250 мыңнан 30 мыңға дейінгі билеттер қалай сатылып жатқанын жазғанбыз.