Футбол: «Қайрат» пен «Атырау» тең түсті

Фото: Kazinform

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 26-турындағы алғашқы үш ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл турда Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Атыраумен» кездесті.

Алматылық клуб бірнеше тур бұрын төртінші орынға тұрақтаған еді. «Атырау» да Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Нәтижесінде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Тағы бір кездесуде өз аалңында Павлодар облысының «Ақсуы» Қостанайдың «Тобылына» 0:3, Петропавлдың «Қызылжары» Қызылорданың «Қайсарына» 0:1 есебімен есе жіберді.

Енді «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» командалары ойнайды.

Бұл ойында екінші, үшінші орынға ие болған командалар және бірінші лигаға түсіп қалатын үшінші клуб белгілі болады.

Айта кетсек, соңғы турдағы барлық ойын көрерменсіз өтіп жатыр.