«Қайрат» пен «Химки» футбол клубтар арасындағы жолдастық кездесу 0:1 есебімен аяқталды

None
АЛМАТЫ. 27 ақпан. ҚазАқпарат  - Түркияда соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» футбол клубы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.

  Алматылықтар Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін Химки қаласының командасына 0:1 есебімен есе жіберді. Олар енді Иранның «Сепахан Спорт» командасымен кездеседі. Дмитрий Огай жаттықтыратын «Қайрат» Исфаһан қаласының футболшыларымен бұл жолдастық кездесуді бастапқыда 25 ақпанға жоспарлаған болатын. Енді 2-наурызға дейін  Австрияның Зальцбург қаласының «Ред Булл Зальцбург», Украинаның   Ужгород қаласының «Говерла Закарпатье» және  Львов қаласының «Погонь» командаларымен күш сынаспақ.