«Қайрат» пен «Қайсар» футбол клубтары Түркияда спаррингтік кездесу өткізеді

АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайрат» және Қызылорданың «Қайсар» футбол клубтары 17 желтоқсан күні спаррингтік кездесу өткізеді. Дмитрий Огай баптайтын қызылордалықтар соңғы маусымды Бірінші лигада сәтті өткізіп, келесі жылы Премьер-Лигаға қайта оралуға мүмкіндік алған болатын. Ал Владимир Вайс тізгінін ұстаған алматылықтар бұл маусымда қола жүлдегер атанған еді. Бұл алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы қызылордалықтардың алғашқы, алматылықтардың екінші спарингтік кездесуі болмақ. «Қайрат» алғашқы кездесуде «Таразға» 0:1 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Қызылордалықтардың қатарында қазір легионерлерден чехиялық Лукас Байер, армениялық Артур Юспашян, словениялық Матик Марушко, эстониялық Артем Артюнин, өзбекстандық Руслан Мельзидинов, түрікменстандық Младан Лазаревич мен Амир Гурбани байқауда жүр. Байқауда сондай-ақ, қазақстандықтардан Нұржарық Кунов, Алексей Мальцев, Николай Забродин, Рахымжан Розыбакиев, Дамир Даутов, Андрей Шабаев, Ильдар Шейхисламов, Ерқасым Ешенқұл, Алмас Арменов бар.