Екінші ойын күніндегі тағы бір негізгі кездесу «Қайрат» (Алматы) мен «Ордабасы» (Шымкент) арасында өтті.
Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан гол соғуға тырысты. Нәтижесінде алматылық клуб шабуылшысы Жоао Паоло 36-минутта мергендік танытты.
Ал «Ордабасы» сапынан Ғафуржан Сүйімбаев 53, Асхат Тағыберген 68-минутта екі гол соғып кетті.
Ал Жоао Паоло 78-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Еске салсақ, 22 сәуірде «Мақтарал» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалса , «Қызылжар» мен «Каспий» 1:1 есебімен тең ойнады.
Ал 23 сәуірде «Оқжетпес» пен «Шахтер», «Тобыл» мен «Ақтөбе» тең нәтижеге қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында «Ақсуды» 2:1 есебімен жеңді.
Ал сегізінші тур ойындары 6 және 7 мамыр күндеріне белгіленген.