«Қайрат» пен «Шахтер» футбол клубтары Түркияда бақылау матчын өткізеді

АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» мен Қарағандының «Шахтер» командалары бақылау матчын өткізеді.

Биылғы маусымда  бірнеше рет бас бапкерін өзгерткен алматылықтар Премьер-лигада 14 команданың арасында 10-шы орын алса, ресейлік бапкердің көмегімен «Шахтер» чемпиондық атақты иеленген еді. Енді  бұл жолы алматылықтар шетелдік бапкер Владимир Вайсстің жетекшілігімен жаңа маусымға дайындықты ел чемпионатының жеңімпазымен  сайыстан бастағалы отыр.

Алматылықтар екінші бақылау матчын 18 желтоқсанда Нальчик қаласының «Спартак-Нальчик» командасымен өткізбек. 2011-2012 жылғы маусымда бұл команда Ресейдің Жоғарғы дивизионынан Бірінші лигаға түсіп қалған  болатын. Жалпы «Қайраттың» Түркиядағы  бұл жиыны  9 желтоқсанда басталған болатын. Ол 22 желтоқсанға дейін созылмақ.