Ойын өте тартысты өткенімен есеп әлі ашылмады. Ж.Барбоза жаттықтыратын «Қайрат» командасының спортшылары қарсыластарының қақпасын бірнеше мәрте соққыға алып, өздерінің осал еместіктерін байқатты. Алда әлі 2 тайм бар, мүмкін қайраттықтардың бағы жанып, жанкүйерлерін қуантып қалар.
20:01, 29 Сәуір 2011
«Қайрат» пен «Спортинг» шағын футболдан УЕФА Кубогы үшін сынға түсуде
АТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шағын футболдан УЕФА Кубогы үшін Алматылық «Қайрат» пен Португалиялық «Спортинг» клубы арасындағы кездесуде бірінші тайм аяқталды.