«Қайрат» португалиялық қорғаушымен келісімшартты ұзартты

Алматылық «Қайрат» клубы португалиялық қорғаушы Луиш Матамен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Клубтың мәліметінше, жаңа келісімшарт 2028 жылдың соңына дейін жасалған.

— Луиш Мата «Қайрат» сапына 2025 жылдың наурыз айында қосылды. Содан бері команданың ең тұрақты әрі сенімді ойыншыларының біріне айналды. Екі маусымда португалиялық футболшы ресми кездесулерде 79 ойын өткізіп, үш гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берген. Айта кетейік, биылғы маусымда Луиш небәрі бір матчқа қатысқан жоқ (44 ойынның 43-іне қатысты). Ал клубқа ауысқалы бері «Қайраттың» барлық ресми кездесулерінің 92 пайызында алаңға шыққан. Бұл — аталған кезеңдегі команда ойыншылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш, — делінген клуб хабарламасында.

Бұған дейін Андрей Демченко «Жеңіс» командасының бас бапкері қызметіне қайта оралғаны туралы жазған едік