АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматылық «Қайрат» 2023 жылғы Қазақстан Премьер-лигасындағы ең жас команда екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа маусымда алматылық клуб құрамында 23 футболшының есімі жарияланды. Олардың орташа жасы –22. Одан кейінгі орындағы қарағандылық «Шахтер» ойыншыларының орта жасы – 24. Ал, «Ақсу» (Павлодар облысы), «Ақтөбе», «Каспий» (Ақтау) және «Ордабасы» (Шымкент) клубтары футболшыларының орта жасы – 25.
Айта кетсек, 4-5 наурыз күндері футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалауын көтереді. Биыл доп додасында 14 команда бақ сынайды. Маусым соңында олардың үшеуі бірінші лигаға түсіп қалады.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры Тимур Сегізбаевқа арналады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.