ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Cүлейменов істі болған Қайрат Сатыбалдыдан қанша актив қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Былтырдан бастап елімізге 857 млрд теңге актив қайтарылған болатын. Оның арасында Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған қаражат бар. Шамамен 300 млн доллар болған», - деді Қанат Сүлейменов Amanat партиясында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.