Алматы қаласының прокуратурасы хабарлағандай, сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзекті емес есепті қолдануда көрсетілген кешенді заңсыз сату фактілері расталды.
«Жалпы ауданы 4 221,4 м² 3 объекті мен 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалдының ұлы) тиесілі «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды», - деп хабарлады прокуратурадан.
Еске салсақ, бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.